©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтері



Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

2014 жылғы ____________

№ ___ бұйрығымен бекітілген


Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық)

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтері


1. Жалпы бөлім


1. Осы нормативтер әкімшілік және қоғамдық ғимараттарда қызмет көрсетумен айналысатын қызметкерлердің қажетті нормативтік сандарын, уақыт нормаларын, қызмет көрсету нормаларын (бұдан әрі - еңбек жөніндегі салааралық үлгілік нормативтері) белгілеу және негіздеу үшін әзірленген.

2. Жинақта келтірілген «дейін» деген сандық мәндердің шектерін қоса алғанда деп түсіну керек.

3. Нормативтерде дайындық-қорытынды жұмыстарға, демалысқа және жеке мұқтаждыққа кеткен уақыт ескерілген.

4. Егер жабдықтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына осы нормативтерде көзделгеннен аз қызметкерлер күтім жасаса және бұл ретте, техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау, жұмыс технологиясы мен сапасы ережелерінің талаптары орындалса, қызметкерлердің іс жүзіндегі саны сақталады.

Қызмет көрсету учаскелері бойынша қызметкерлердің саны өндірістік қажеттілікке байланысты бөлінеді.

5. Жинақтың нормаларында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелеріне сәйкес жұмыстарды орындау көзделген.

6. Нормативтерде тәулігіне немесе ауысымда қызмет көрсететін персоналдың тізімдік саны қарастырылған. Инженерлік қызметтердің жұмысы үшін 8 сағаттық ауысым ұзақтығымен ауысымда қызметкерлердің келу саны қарастырылған.

Жұмысшы персонал санын белгілегенде жұмыс уақытының орташа айлық нормасы жылдық жұмыс уақытының балансына сәйкес алынады.

Нақты жұмыс түрі бойынша жұмысшылардың тізімдік саны (Стіз) мына 1-формула бойынша белгіленеді:

Стіз = Ск x Кш, (1)

мұндағы: Стіз – тізімдік саны;

Ск – келу саны,

Кш = 1,1 - барлық кәсіптер үшін демалыс кезінде, ауруы және тағы басқа да бойынша жоспарланып отырған жұмысқа шықпау коэффициенті. ССССӘрбір кәсіп бойынша олар болмаған уақытта міндеттерін орындау талап етілетін жұмысшылар санын белгілеу кезінде демалыс уақытында, ауруы
және тағы басқа да бойынша жоспарланған жұмысқа шықпау коэффициенті есептеледі.

Кш = 1 + (2)

Қызмет көрсету нормаларын пайдалану кезіндегі жұмысшылардың келу саны 3-формула бойынша белгіленеді:

Ск = + + + , (3)

мұндағы: Q1, Q2, Q3, …Qn – жекелеген жұмыс түрлерінің көлемі;

Нo1, Нo2, Нo3 …Ноn – тиісті жұмыс түріне арналған қызметтердің нормалары.

4-формула бойынша белгіленген жинақта келтірілген уақыт нормаларын пайдаланғанда: Ск = , (4)

мұндағы: Ен – нормалармен қамтылған жұмыс түрлері бойынша нормативтік еңбек сыйымдылығы;

Қж – есептеу кезеңінде бір жұмыскердің жұмыс уақытының жоспардағы пайдалы қоры.

Нормативтік еңбекке сыйымдылық 5-формула бойынша белгіленеді:

Ен = Нуақ x V, (5)

мұндағы: Нуақ – нақты нормаланатын жұмыс түрі көлемінің бірлігін орындауға жұмсалатын уақыт нормасы;

V - есептеу кезеңінде орындалатын нақты жұмыс түрінің көлемі.

7. Жинақтардан, ұйымдастыру-техникалық шарттардан көзделгеннен өзгеше қолданылса, сондай-ақ жинақта қарастырылмаған жұмыстарды орындағанда, жергілікті техникалық негізделген нормаларды әзірлеу ұсынылады.

8. Жұмысшылар кәсіптері мен қызметшілер лауазымдарының атаулары Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес келтірілген.

2. Еңбекті ұйымдастыру


9. Ұйымдар мен кәсіпорындарда жұмысшылардың қызметі құрылымдық бөлімшелер туралы ережемен, лауазымдық нұсқаулықтармен регламенттеледі. Жабдықтарға күтім жасау жөніндегі жұмысты тиісті құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады.

10. Жұмысшылардың жұмыс орындары оларда еңбекті ұйымдастырудың үлгілік жобаларына ұйымдастырылуы тиіс.

11. Жұмыс орындарында еңбекті ұйымдастыру еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік талаптарына және өнеркәсіптік санитария және гигиена ережелеріне сәйкес келуі тиіс.

3. Нормативтік бөлім


3.1. Сан нормативтері


Гардеробшылар санының нормативтері

12. Үлгілік жұмыс құрамы:

Қызметкерлердің және ғимаратта орналасқан ұйымға келушілердің сыртқы киімін және басқа да ұсақ жеке заттарын қабылдап алу, сақтау және беру. Сыртқы киімдер мен заттарды қабылдап алған кезде гардеробшы киім иесіне жетон береді, заттар жетонды көрсеткенде беріледі. Ауысымды тапсырғанда гардеробшы гардеробта болған барлық заттар мен нөмір белгілерін қабылдап алады.

Гардеробшылар санының нормативтері барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 1-қосымшасында көрсетілген.

Рұқсаттама бюросының меңгерушілері және кезекшілері

санының нормативтері


13. Жұмыстардың үлгілік құрамы:

Бір реттік рұқсат қағазын толтыру және беру. Келушінің өтінімі мен жеке куәлігінің (паспортының) негізінде рұқсат қағазының бланкісіне келушінің тегі, аты, әкесінің аты, рұқсат қағазының берілген күні мен уақыты жазылып, мөр басылады. Компьютер болғанда рұқсат қағазының бланкісіне келушілердің жеке куәлігінің (паспортының) деректері енгізіледі, бланк принтер арқылы басылып шығарылады. Журналда тіркеу. Келушіге рұқсат қағазы бланкісін беру. Рұқсат қағаздарын беру тізілімін жасау.

Рұқсаттама бюросының қызметкерлер санының нормативтері барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 1-қосымшасында көрсетілген.

Лифтёрлер санының нормативтері


14. Үлгілік жұмыс құрамы:

Лифтерлердің міндетіне лифтілердің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау, сондай-ақ жолаушылардың пайдалану ережелерінің орындалуын тексеру кіреді. Лифті жұмыс істер алдында телефонның немесе авариялық сигнал берудің жұмысын тексереді, жинау құралдарын жеткізеді, лифт кабинасын ашады. Жолаушыларсыз, әрбір қабатта тоқтап, лифтінің жүруін, сондай-ақ «тоқтату» кнопкасының жұмыс істеуін тексереді. Ақаулары анықталған жағдайда лифтер лифтіні сөндіреді және ол туралы лифтінің механигіне және әкімшілікке дереу хабарлайды, лифтінің журналында ақаулары туралы жазу жазады. Сол журналда түзетулер және лифтіні пайдалануға рұқсаттар туралы белгі жасалады. Жұмыс аяқталғаннан кейін лифтер төменгі қабатқа кабина қояды, кабинаның мотор-генераторын және кабинаның жарығын сөндіреді, шахта есігін жабады, өзінің кетуін журналға белгілейді. Лифтер бақылау, техникалық тексерулер жүргізу кезінде қажетті көмек көрсетеді.

15. Лифтерлер үшін мынадай екі тәсілмен лифтілерге күтім жасауға байланысты сан нормативтері белгіленген: бірінші жағдайда - лифтер лифті кабинасына кіреді және ауысым бойы үнемі лифтінің ішінде болады; екінші жағдайда - лифтер төменгі қабаттағы алаңда қадағалау пунктінде болады (лифтіні жолаушылардың өздерінің қолдануына бергенде). Лифтілерге күтім жасау тәртібі Лифті қондырғылары мен оларды пайдалану қауіпсіздігі ережесіне сәйкес жер жерлерде лифтілерге күтім жасау тәртібі орнатылады. Лифтілердің санын белгілеу үшін мыналарды анықтау керек:

ғимараттарда қолданыстағы лифтілердің санын (бұл ретте резервтік лифтілер лифтерлерді есептегенде ескерілетін жалпы санына енгізілмейтіндігін ескерген жөн);

лифтілерге күтім жасау тәртібін (лифтіні өздігінен пайдалану немесе лифті кабинасында болу);

әрбір лифтінің ауысымдық жұмысын. Лифтілердің белгіленген саны мен олардың жұмысының ауысымдығы бойынша лифтерлердің келу санын белгілейді.

16. Лифтерлер санының нормативтері:

а) бір ауысымда 1 лифті кабинасында болу - 1 адам;

б) ауысымда лифтілерді өздігінен пайдаланғанда 1 постыға - 1 адам.

Күзетшілер (вахтерлар) санының нормативтері


17. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Күзетшінің міндетіне вестибюльдің кіреберіс есігіндегі кезекшілік, күзетілетін объектінің тұтастығын (құлыптардың және басқа да жабылатын құрылғылардың, пломбылардың болуын, сигнал беру құрылғыларының, телефондардың, жарық беру құралдарының дұрыс жұмыс істеуін, өртке қарсы мүкәммалдың болуын) тексеру жатады. Құжаттарды тексереді және журналда белгілейді.

18. Ауысымдағы күзетшінің келу санының нормативі: 1 постыға - 1 адам.

Диспетчерлер санының нормативтері


19. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Телефон арқылы өтінімдерді қабылдау және тіркеу, олардың себептері мен сипатын анықтау. Бригадаларды авариялар болған жерге жіберу туралы мәселені жедел шешу. Диспетчерлік журналды толтыру және басқа да техникалық құжаттаманы толтыру. Аварияларды жоюдың барысын және жұмыстарды орындау барысы бұзылуының алдын алу, сондай-ақ оларды туындатқан себептерді жедел бақылау үшін желіде орналасқан жұмыс бригадаларымен байланысты жүзеге асыру. Ауысым бойынша кезекшілікті қабылдау және тапсыру.

20. 1 диспетчерлік пунктке шаққандағы сан нормативі:

бір ауысымды жұмыс режимінде - 1 адам;

тәулік бойы жұмыс режимінде - 4 адам.

Телефон байланысы мен радиофикацияның желілік құрылыстардың электромонтерлері санының нормативтері


21. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Зақымдалған жерлерді және оның сипатын анықтап, зақымдарды жою. Телефон аппараттарын, дауыс күшейткіштер мен біріктіретін сымдарды жөндеу. Арнайы схема бойынша қосымша телефон аппараттарын, сондай-ақ қосарланған телефон аппараттарын орнату және қосу. Жерсіндіру. Сымдарды орнату, реттеу. Жұмыс нәтижесінде болған байланыс құралымдарының құрамын өзгертуге мүкәммалдық анықтама жасау. Автоматты жүйелерді, электрондық, телемеханикалық, әртүрлі желілік және жиілігі жоғары аппаратураны баптау және сынақтан өткізу. Контактісіз элементтерімен жинақталған схемаларды, басқару құралдарын, диспетчерлік телефон станцияларын, сигнал беру құралдарын жинау және тексеру, сондай-ақ аппаратурға, аспаптарға, автоматты әрекет ететін қондырғыларға, телемеханика құралдарына күтім жасау. Олардың жұмысындағы ақауларды анықтау және оларды жою. Аппаратура мен байланыс құралымдарын қарап тексеру.

Телефон байланысы мен радиофикацияның желілік құралымдарының электромонтері санының нормативтері барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 1-қосымшасында көрсетілген.

Ғимараттың инженерлік жабдықтарына күтім жасау және жөндеумен

айналысатын жұмысшылар санының нормативтері
22. Еңбекті ұйымдастыру және жұмыстар технологиясы:

Жұмысшылар ғимараттың инженерлік жабдықтарын (жылу жүйелерін, сумен жабдықтауды, суды ағызуды, электр жарығын беруді, электр жабдықтарын, бақылау-өлшеу аспаптарын және осы жабдықтарға орнатылған автоматты қондырғыларды, желдеткіш және түтінді жою жүйелерін) пайдаланудың қалыпты жағдайын қамтамасыз етеді.

23. Инженерлік жабдықтардың техникалық жай-күйін бақылау қазіргі заманғы техникалық диагностика құралдарын пайдалана отырып, тексеру жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Ағымдағы жөндеудің жоспарына енгізу үшін жұмыс көлемдерінің көлемі нақтыланатын жалпы тексерулер жылына екі рет жүргізіледі.

24. Ішінара тексерулер жүргізу кезінде тексеруге кететін уақыт ішінде жойылуы мүмкін ақаулары жойылуға тиіс.

25. Техникалық күтім жасау жабдықтарды пайдалану кезеңі бойы үнемі жүргізілуі тиіс.

26. Инженерлік жабдықтар жүйелерін ағымдағы жөндеу оның уақытынан бұрын тозуын болдырмау мақсатында жоспарлы - алдын алу жұмыстарды, сондай-ақ пайдалану барысында туындайтын ұсақ зақымдарын жою жұмыстарын жүргізу керек.

27. Жабдықтардың зақымдалған жерлерін және ақауларын дұрыстауға байланысты жұмыстар әкімшіліктің өтінімдері мен нұсқаулары бойынша орындалады.

Ғимараттың инженерлік жабдықтарына күтім жасау және жөндеумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 1-қосымшасында көрсетілген.


Санитарлық-техникалық жұмыстармен айналысатын

слесарь-сантехниктер санының нормативтері
28. Үлгілік жұмыс құрамы:

Жылу берілетін маусым басталар алдында ғимараттардың инженерлік жабдықтар мен коммуникациясын қарауды (тексеруді), сондай-ақ ақауларын анықтап және оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін тексеру жүргізу. Сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріндегі ақауларды жою функцияларын қанағаттанарлық қамтамасыз ету, төсемелерді ауыстыру, су бөлу және су алу арматураның тығыздамаларын тығыздау, су ағынын бітеу, су ағатын жерді тығыздап бітеу. Су шығатын жерді құдыққа дейін тазалау. Сантехаспаптардың су ағатын жерлерін бітеу немесе су ағызатын икемді тетіктерді ауыстыру, сифондардың шығару, қотарып құю тетіктерін, сантехаспаптарға жалғастратын құбырлардың бөліктерін, унитаздың резеңке манжеттерін ауыстыру, құбыр кеңдігін нақыштау, су ағызатын ыдысты ретке келтіру және су ағуын болдырмау, сантехаспаптарды бекіту. Ішкі кәріз бен сантехаспаптардың бітеліп қалуын болдырмау және кәріз тартпаларының дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Олардың қанағаттанарлық жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жылу беру және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің (құбырлардың, аспаптардың, арматураның, кең бәктердің) ақауларын жою. Жылытылмауын, ауа кіруін жоюға байланысты жүйелерді баптау және реттеу, су аққанда жылыту аспаптарын, сүлгі кептіргіштерді ауыстыру, құбырлар мен аспаптарды бекіту, құбырлардағы жылу оқшаулауды, арматураны ретке келтіретін кең бәктерді қайта қалпына келтіру. Жылыту жүйесін жөндеу, жуу және гидравликалық сынақтан өткізу. Жылу қоспаларын, элеватор және жылу тораптарын бақылау-өлшеу аспаптарымен жабдықтау. Суару жүйелерін консервациялау, қайта консервациялау және жөндеу. Суару жүйелерінің қосымша желілерін орнату. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша ақауларды жою жөніндегі жұмыстарды орындау.

Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтерлер санының нормативтері
29. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) электр желілері мен электр жабдықтарын қарауды (тексеруді), сондай-ақ ақауларын анықтап және оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін тексеру жүргізу. Қызметтік және қосымша үй-жайлардың (баспалдақ торшаларын, вестибюльдердің, жертөлелердің, шатырасты орынжайлардың) электр жабдықтарын жөндеу. Таратқыш қалқандарды және кірме-таратқыш қондырғыларды жөндеу. Шамдарды жөндеу және ауыстыру. Қыздыру және люминесценттік шамдарды ауыстыру. Автоматтарды, пакетті ауыстырып қосқыштарды, қорғаныш сөндіру құрылғыларын (бұдан әрі - ҚСҚ), сөндіргіштерді ауыстыру. Жекелеген жергілікті электр сымын ауыстыру. Жертөлелердегі, техникалық қосалқы орынжайлардағы, техникалық дәліздердегі жарылыс қауіпсіздігі тәртібімен жарық жүйесін қайта қалпына келтіру. Үйдегі және көшедегі жарық беру жабдықтарын пайдалану. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша ақауларды жою.

Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика жөнендегі слесарь

санының нормативтері


30. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Бақылау-өлшеу автоматты және өзге де аспаптар мен механизмдерді жөндеу, жинау, ретке келтіру, сынақтан өткізу, оңдау, монтаждау, баптау және тапсыру. Біріктіру схемаларын жасау және монтаждау. Аспаптарды сырлау. Әртүрлі дәнекерлегіштермен дәнекерлеу. Релелік қорғаныш қондырғыларын, электрлік автоматика, телемеханика қондырғыларын икемдеу және баптау. Аппаратура жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Барлық бақылау-өлшеу аспаптарының, автореттегіштер мен қоректендіру автоматтарының барлық түрлері нақтылығының сыныптары бойынша ретке келтіру және тексеру. Ақаулар ведомостерін жасау және аспаптар мен автоматтарға паспорттар мен аттестаттар толтыру.

Электр-газбен пісіруші санының нормативтері
31. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Пісірілетін жіктердің ағысын анықтау мақсатында жылыту маусымы басталар алдында ғимараттың инженерлік жабдықтары мен коммуникациясын жыл сайын тексеруді жүргізу. Белгіленген мөлшерде пісірілетін жіктерінің кез келген кеңістіктегі күйінде тетіктерді, тораптарды, конструкциялар мен құбырларды пісіруді орындау. Ұзындығы екі метр орталық жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелері құбырларының авариялық учаскелерін ауыстыру. Раковиналар мен жарық жерлерді пісіру жұмыстары.

Коммуникациялық коллекторлар күтімі жөніндегі жұмыстармен айналысатын слесарь-жөндеушілер санының нормативтері
32. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Коммуникациялық коллекторларды қарап тексеру, оларды газдалудың болмауына тексеру және желдету. Коллектордың күзетілетін аймағын қоқыстан тазарту. Коллекторларға орнатылған коммуникацияларға рұқсатты қамтамасыз ету. Коллекторлардың суға батуы кезінде суды ағызуды жүргізу. Құрылыс құралымдарының гидрооқшаулағышын қайта қалпына келтіру. Люктерді, сондай-ақ жартылай өткізгіш арналардың коллекторға түйісетін жерлерін тұмшалау. Люктерді, торларды, кронштейндерді жөндеу және бояу кезінде сылақ және сырлау жұмыстарын орындау. Баспалдақтардың, алаңдардың, өтпелер мен олардың таяныштарының бекітпелерін тексеру, оларды жөндеу. Коллектордың люктерін қар мен мұздықтардан тазарту. Желдету немесе механикалық желдетуді қосу жолымен коллектордағы температураны 30 градус цельсийден (бұдан әрі - °С) асырмай ұстау. Дренажды жүйелердің жұмыстарын қарап тексеру. Дренаждарды жуу және тазарту. Коллекторлардың электрлік жарық жүйелерінің жұмысын тексеру және барлық жұмыс түрлері бойынша ақауларды жою.

Желдеткіш және ауа баптау жүйелерін жөндеу және оларға күтім жасау

жөніндегі слесарь санының нормативтері


33. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Ауа өткізгіштердің, ауа қабылдағыштардың майысу, жарылу, бұзылған дроссель-клапандары мен тетіктері түрінде механикалық зақымдалуларын жою. Ауа өткізгіштердің тығыздықсыз болуын жою. Фланецті біріктірілген жерлеріндегі болттардың тартылуын тексеру. Ауаны тасымалдайтын ауа өткізгіштерді ерекше бақылауға алу. Желдеткіш желілердің барлық элементтері бекіністерінің мықтылығын тексеру. Фланец аралығындағы төсемдерді ауыстыру.

Желдеткіш және ауа баптау жүйелерін жөндеу және оларға күтім жасау жөніндегі слесарь санының нормативтері барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 1-қосымшасында көрсетілген.

Қазандық операторлары санының нормативтері


34.Үлгілік жұмыс тізбесі:

Газ тәрізді, сұйық отынмен немесе электрмен қыздыру арқылы жұмыс істейтін сумен және бумен қыздырылатын қазандықтардың күтімі. Қазандықтарды жағу, іске қосу және оларды тоқтату, оларды суға толтыру. Қазандықтың арматурасы мен аспаптарын тазарту. Бумен қыздырылатын толтырғыш сорғылардың, форсункалардың экономайзерлерінің, ауамен қыздырғыштарының, бумен қыздырғыштарының жұмысын ретке келтіру және оларды қадағалау. Негізгі агрегаттарға күтім жасау аймағында орналасқан жылу желілік бойлерлік қондырғыларға немесе қысылған бу станцияларына күтім жасау. Жылу өткізгіштердің схемаларындағы күтім жасау агрегаттарын іске қосу, тоқтату және ауыстырып қосу. Тұтынушыларға жіберілетін жылуды есепке алу. Бақылау-өлшеу аспаптары бойынша қазандықтардағы судың деңгейін, будың, судың және жіберілген газдың қысымы мен температурасын қадағалау. Температуралық кестеге сәйкес қазандықтардың жұмысын (жүктемесін) ретке келтіру. Қазандықтарды, олардың қосымша механизмдерін, бақылау-өлшеу аспаптарын профилактикалық қарап тексеру және күтім жасалатын жабдықтарды жөндеуге қатысу. Қазандықтар мен олардың қосымша механизмдерін жөндеуден қабылдау және оларды жұмысқа әзірлеу. Жұмыс аймағының шегіндегі жұмыс орындарын жинау.

Қазандық операторы санының нормативтері барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 1-қосымшасында көрсетілген.

Қазандық машинистері (от жағушылар) санының нормативтері


35. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Қатты отынмен жұмыс істейтін сумен және бумен қыздырылатын қазандықтардың күтімі. Қазандықтарды жағу, іске қосу және оларды тоқтату, оларды суға толтыру. Отынды ұсақтау, қазандыққа салу және қазандықтағы отынды көсеу. Отынның жануын ретке келтіру. Бақылау-өлшеу аспаптары бойынша жылыту жүйесіне берілетін қазандықтағы судың деңгейін, бу қысымы мен су температурасын қадағалау. Ауыр заттар көтеретін және күл мен шлакты алып тастайтын қондырғыларды, стокерді, экономайзерлерді, ауа қыздырғыштарды, бу қыздырғыштар мен қоректік сорғыларды іске қосу, тоқтату, ретке келтіру. Негізгі агрегаттарға күтім жасау аймағында орналасқан жылу желілік бойлерлік қондырғыларға немесе қысылған бу станцияларға күтім жасау. Бумен және сумен қыздырылатын қазандықтардың от жағатын жерлері мен бункерлерінен шлак пен күлді қолмен және механикалық тәсілмен алып тастау. Күл мен шлакты қолмен немесе механизмдердің көмегімен қол арбаларға, вагонеткаларға не вагондарға тиеп, оларды белгіленген жерге тасымалдау. Шлак пен күлді арнайы аппараттармен шаю. Шлакты және күлді үйінділерді жоспарлау. Жабдықтардың жұмысындағы ақаулардың алдын алу және оларды жою. Қазандықтарды, қосымша механизмдерді, бақылау-өлшеу аспаптарын алдына ала қарап тексеру. Қазандық агрегаттарын жоспарлы - алдын ала жөндеуге қатысу. Қазандықтар мен қосымша механизмдерді жөндеуден қабылдау және оларды жұмысқа дайындау. Жұмыс орнын жинау.

Қазандық машинисі (от жағушы) санының нормативтері барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 1-қосымшасында көрсетілген.

Ғимараттардың құрылымдық элементтерін жөндеумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері


36. Еңбекті ұйымдастыру және жұмыстар технологиясы

Ғимаратты ағымдағы жөндеу құралымдарын сақтау, ғимараттардың тозуын болдырмау үшін ғимаратты әрлеу жөніндегі жоспарлы-алдын алу жұмыстарынан, пайдалану процесінде туындайтын ұсақ зақымдар мен ақауларды жою жөніндегі жұмыстардан тұрады.

37. Ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмыстар жоспарланған және күтпеген жұмыстарға бөлінеді. Жоспарланған жұмыстарға мерзімдік қарап тексерулер мен алдын алу жұмыстары жатады. Күтпеген жұмыстарға ғимаратты пайдалану барысында анықталатын ұсақ зақымдары мен ақауларын жою жөніндегі жұмыстар жатады.

38. Ғимараттың құралымдарын техникалық қарап тексеру және оны әрлеу барысында анықталған ұсақ ақаулары жойылады.

39. Алдын ала ағымдағы жөндеу объекті бойынша жоспарға сәйкес жүргізіледі.

40. Алынған тапсырмаға сәйкес жұмысшылар қоймадан (шеберханадан) қажетті құрал-сайманды, құрылғыларды, материалдарды алып, көлік құралдарына тиейді (немесе өздері апарады), белгіленген тәртіппен реттеліп салынған заттарды объектіге (жұмыс аймағына) түсіреді.

41. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмысшылар жұмыс орнын тазартып жинайды, қалдықтар мен қоқыстарды белгіленген жерлерге көлікпен әкетеді, пайдаланылмаған материалдар, құрал-саймандар мен құрылғыларды көлік құралдарына тиейді (немесе өздері апарады), оларды түсіріп, қоймаға (немесе шеберханаға) реттеп жинайды.

42. Алдын ала жөндеуді жүргізу кезінде жекелеген тетіктерді, құрылымдық элементтерді жасау жөніндегі операциялар шеберханаларда тұрақты жұмыс орындарында орындалады.

Ғимараттардың құрылымдық элементтерін жөндеумен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 1-қосымшасында көрсетілген.

Металл шатырмен төбелерді жабушылар санының нормативтері


43. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) қарауларды (тексерулерді), сондай-ақ төбе жабындардың ақауларын анықтап, оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін құрылымдық элементтерге тексеру жүргізу. Болат төбе жабындарды ішінара жөндеу. Ғимараттың су ағатын құбырларын, иіндерді, құйғыларды, науашаларды, жиектерді, кенерлерді паратет торшаларды, маңдайшасындағы шығыңқы бөліктеріндегі сыртқы жабындарының салбырап тұрған жерлерін ауыстыру, жөндеу және бекіту. Сыртқы суағарлардың құйғыларының лоток-қақпақшаларын орнату және оларды алып тастау. Келте құбырларды ауыстыру, келте құбырларға желбаққыштарды орнату. Түтін және желдету құбырларын бекіту, түтін және желдету құбырларының қалпақшаларын ауыстыру. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша төбенің құрылымдық элементтерінің ақауларын жою. Төбені қар мен мұздақтардан, ластан, жапырақтар мен бөтен заттардан тазарту. Қиылған жерлерін, тарақтарды бүгу.

Орама төбе жабындан және дара материалдардан жасалған төбе жабындармен төбе жабушылар санының нормативтері
44. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) қарауларды (тексерулерді), сондай-ақ төбе жабындардың ақауларын анықтап, оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін құрылымдық элементтерге тексеру жүргізу. Жұмсақ төбе жабынын мастикамен жабу. Асбоцементті, шифер және жабынды төбелердің жекелеген тақталарын ауыстыру. Жұмыстың жазғы және қысқы режимінде ішкі су ағынын ауыстырып қосу. Ішкі су ағын жүйелерін жөндеу. Төбе жабынын қар мен мұздақтардан, қоқыстан, ластан, жапырақтар мен бөтен заттардан тазарту. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша төбенің құрылымдық элементтерінің ақауларын жою. Шатырдан су ағып кеткен жерлерді оқшаулау, ұйымдастырылған су ағар жүйелердің ақауларын жою.

Сырлаушылар санының нормативтері
45. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) сырланған жерлерді қарау (тексеруді), сондай-ақ ақауларын анықтап және оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін тексеру жүргізу. Ғимараттардың немесе олардағы жабдықтардың жекелеген құрылымдық элементтерінің ақауларын жоюға байланысты сырлау жұмыстарын орындау. Су ағып кетудің салдарын жою, қасбеттерді, қабырғаларды, төбелерді желімді әрі әқті сырлармен, қабырғаларды, терезелері, есіктерді, төбелерді, радиаторларды, жылу құбырларын, шатырлар мен олардың құрылымдық элементтерін майлы сырмен сырлау жөніндегі жұмыстарды орындау. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша ақауларды жою.

Ағаш шеберлері санының нормативтері
46. Үлгілік жұмыс құрамы:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) ғимараттың үй-жайларын, оның ағаш құрылымдарын қарау (тексеру), сондай-ақ ақауларын анықтап, оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін тексеру жүргізу. Шатыр тіреуіштерді, тіреуіштің астына жуан бөрене ағаштар мен торларды бекіту және жөндеу. Қабаттар арасындағы және шатыр ішіндегі ағаш қаптағыштарды нығайту және жөндеу. Ағаш қабырғалар мен аралықтарды жөндеу және бекіту. Ағаш еденді ауыстыру және жөндеу. Қабырғалардың, салынған шкафтар мен төбелердің құрғақ сылақтарын жөндеу. Орынжайлардың үстіңгі жақтарын, іргелерін, ойық жерлерін ауыстыру. Ағаш баспалдақтарды, таяныштар мен өртке қарсы жабдықталған алаңдарды жөндеу. Ағаш құрылымдарды антисептикалық және өртке қарсы қорғау жөніндегі жұмыстар. Тутұғырлары және үй белгілерін ұстағыштарды бекіту. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша ақауларды жою.

Әйнекшілер санының нормативтері
47. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Әйнектерді көлемі мен конфигурациясы бойынша кесу және оларды тегістеу. Әйнек сылақтарын дайындау. Әйнектерге сылақтарды немесе герметиктерді жағу, ағаштан, металдан, темір бетоннан, пластмассадан және басқа да заттардан жасалған жерлердегі ойықтарға әйнектерді салу, оларды бекіту. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша басқа да осыған ұқсас жұмыстарды орындау.

Сылақшылар санының нормативтері
48. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) қасбеттерді қаптау және сылағын қарау (тексеру), сондай-ақ ақауларын анықтап, оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін тексеру жүргізу. Үй-жай қабырғаларының, төбелерінің, карниздерінің сылақтарын, терезе мен есік ойық жерлерінің еңіс жерлерін дұрыстау. Қасбеттердің қаптамаларын және сылағын, ұсақ-түйектерді жөндеу, жертөлелер мен баспалдақ алаңдарындағы цементті еденді жөндеу (шұңқырларды бітеу) жұмыстарын тексеру. Қабырғалардың, жапсырма бұйымдар мен адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқа да шығыңқы құрылымдардың элементтерін бекіту. Ғимараттың құрылымдық элементтеріндегі ақауларды жою.

Ағаш ұсталары санының нормативтері
49. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Маусымдық пайдалануға дайындық кезеңінде (көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер) ғимараттың үй-жайларын, оның құрылымдық элементтерін (терезе және есік орнатылған жерлердің тегістігін) қарауды (тексеруді), сондай-ақ ақауларын анықтап, оларды жою мақсатында авариялық зақымдардан, өрттен, апатты сипаттағы құбылыстардан кейін тексеру жүргізу. Терезе және есік орнатылған жерлерде олардың дұрыс орнатылуын қолдау және оларды жөндеу. Үй-жайлардағы терезелердің, желкөздердің сыртқы жарма діңгектерін, есік қаптамаларын, зерәйнектер мен толық сөрелердің, әйнекті блоктарын ауыстыру. Кіреберістегі есіктерге серіппе мен жабу тетіктерін орнату және оларды жөндеу. Шатыр асты және жертөле, техника тұрған орынжайларда нормативтік температура - ылғалдылық режимін орнату жөніндегі жұмыстарды орындау (ретке келтірілген торларды орнату, шатыр асты дыбыс естілетін терезелерді, кіретін есіктерді әйнектеу және жабу). Жиһазды маусымдық қарап тексеру және оның дұрыс пайдаланылуы мен ұсталуын қадағалау, жиһазды ағымдағы жөндеу. Ұйым әкімшілігінің өтінімдері бойынша ақауларды жою.

Әр түрлі жұмыстармен айналысатын көмекші жұмысшылар

санының нормативтері


50. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізгеннен, аварияларды жойғаннан, кездейсоқ қоқыстан тазартқаннан кейін шатыр асты және жертөле орынжайларын ретке келтіру. Ірі габаритті қоқыстарды, металл қалдықтарын, қайталама шикізатты тиеу. Металл контейнерлерді сырлау. Қойма жұмыстары.

Автокөлікпен таралық-қаттама және дара жүктерді тиеу немесе түсірумен айналысатын жүкшілер санының нормативтері
51. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Қарапайым тиеу-түсіру құрылғыларын және тасымалдау құралдарын (қол арбаларды, арбашаларды, көлікті және басқа да көтеру - көліктік механизмдерді) қолдана отырып, жүктерді қолмен тиеуді, түсіруді – сұрыптауды, реттеп салуды, көшіруді, қайта өлшеп салуды жүзеге асыру. Шың құздар мен көлік құралдарында жүктерді бекітуді және жабуды жүзеге асырады. Қоймада (жылжымалы құрамда) штабельден жүктерді алып, 20 метрге (бұдан әрі - м) дейінгі арақашықтықта орналастыру және жылжымалы құрамға (қоймаға) салу. Жүкті түсіруді жүргізгеннен кейін жылжымалы құрамды тазалауды жүргізу.

Жүкшілер санының нормативтері барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 1-қосымшасында көрсетілген.

?


barrios-paceos-tendrn.html

barry-university--miami.html

barsak---yardlamaq--kmk.html

barsaq-infeksiyalarna.html

barshevskis-arvids--.html